Оқушылар ақша бопсалаған мектептің директоры қызметінен кетті

332

Тиісті ақпаратты аймақ әкімдігі растады. 

Оқушылар ақша бопсалаған мектептің директоры қызметінен кетті Фото: actgr.kz

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Кемертоған ауылында 15 жастағы оқушыдан қатарластары ақша бопсалаған. Бұл оқиғадан кейін мектеп директоры қызметінен босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мектеп директоры Дархан Накысбеков қызметінен кеткенін растады. Ақпаратқа сәйкес, мектеп басшысы өзінің өтініші негізінде жұмыстан босатылған.

Айта кету керек, осыған дейін Алматы облысында оқушы қыздар қатарластарынан ақша бопсалағанын жазған болатынбыз. Қыздардың ата-аналары жауапқа тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу