Оқушылар қашықтан оқуы мүмкін

687

Денсаулық сақтау министрі алғашқы тоқсанда мектептен тыс білім алуды ұсынды. 

Оқушылар қашықтан оқуы мүмкін

Үкіметтің бүгінгі отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус жұқтырған қазақстандықтардың саны 60 мың адамнан асқанын, олардың 1 700-і – балалар екенін айтты. 

"Мектепте дәстүрлі оқытуды бастау – балалар арасында ауру жұқтыру деңгейін арттырып, вирустың мектептен тыс таралуына жол ашуы мүмкін. Жалпы жыл сайын жұқтырылған респираторлық вирусты инфекциямен (ЖРВИ) ауыратындардың 70% – 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. ЖРВИ-дің маусымдық деңгейде артуы мен коронавирус инфекциясы бойынша жағдайдың күрделілігіне байланысты оқу жылының алғашқы тоқсанында аз комплектілі мектептерді есептемегенде, барлық сыныпты қашықтан оқыту жолдарын қарастырған дұрыс деп есептеймін", – деді Алексей Цой.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу