Биыл еліміздегі оқу жылы 31 мамырда аяқталып, соңғы қоңырау 1 маусымда соғылады, деп жазады inbusiness.kz.
"Мемлекеттік стандарт, оқу бағдарламалары бар. Мектеп стандарттарды орындауы керек. Орындамаған жағдайда бұл қаржылық бұзушылық. Себебі олар бұл үшін жалақы алады. Бұл мемлекеттік стандартты қамтамасыз ететін және орындайтын мұғалімдер, директорлар бар. Бірақ біз қазір мониторинг жүргізіп жатырмыз, анықтаймыз. Егер мемлекеттік стандартты орындамайтын мектептер болса, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, белгілі бір шаралар қабылданады", - деді министр.
Бұл тұста ведомство басшысы нақты қандай шаралар қабылданатынын айтпады.
Ғани Бейсембаев "бұл мектеп басшылығының стандартты қаншалықты орындамайтынына байланысты болады" деп қысқа қайырды.
Оқушылардан кітаптарды ерте жинатуға қатысты мәселеде нақты деректер қажет екенін атап өтті.
Еске салайық, осыған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев соңғы қоңырау күнін 25 мамырға қайтаруға қатысты пікір білдіргенін жазған болатынбыз.