Соңғы қоңырау күні 25 мамырға қайтарыла ма? – министр жауабы

622

Тиісті мәселеде мамандар шешім қабылдауы керек.

Соңғы қоңырау күні 25 мамырға қайтарыла ма? – министр жауабы Фото: Halyq Uni

Бұл туралы Үкімет кулуарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Тілші ведомство басшысынан "Келесі жылы 25 мамыр соңғы қоңырау соғылатын мерекенің қайтарылуы мүмкін бе?" деп сұрады. 

"Бұл мәселеде бірінші кезекте мамандар шешім қабылдауы керек. Өйткені бұл тек қана жай 25 мамырға қайтара салу емес. Бұл нақты мемлекеттік стандарттың, бағдарламаның 36 аптаға созылуына қатысты дүние. Енді оны бірден қалпына келтіру мәселесі басқа да өзгерістерге алып келеді. Яғни алты күндік оқу жоспарына немесе  пәндегі оқу сағаттарының қысқаруына алып келуі мүмкін. Бұл жай ғана қайтара салатын дүние емес қой. Сондықтан да білім саласындағы мұндай шешімді қабылдауда жіті дұрыс сараптаудан өткізу арқылы қабылдау керек", - деді министр.

Еске салайық, осыған дейін биыл 172 мың оқушы мектеп бітіретінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу