Олар коронавирустың бар-жоғына ПТР-тест тапсырған, ол оң нәтиже көрсеткен. Бұл туралы бүгін Олимпиада ұйымдастырушылары таратқан мәліметте айтылған.
COVID-19 вирусын жұқтырған спортшыларға қатысты жеке мәлімет берілмей отыр.
Сонымен қатар құжатта 18 шілдеде Олимпиада қалашығында тұрмайтын спортшының, БАҚ қызметкерінің, Олимпиада объектілерінде жұмыс істейтін бір жұмысшы мен жарысты өткізуге қатысы бар тағы 5 адамның коронавирус жұқтырғаны жазылған. Олардың бәрі Жапония азаматтары емес.
Айта кетейік, кеше ұйымдастыру комитеті Олимпиада ауылында бірінші рет COVID-19 вирусын жұқтыру дерегі тіркелгенін хабарлаған еді.