Олжас Бектенов Дональд Трамптың хатына байланысты пікір білдірді

368

Қазақстан тарапы АҚШ-пен келіссөз жүргізіп жатыр. 

Олжас Бектенов Дональд Трамптың хатына байланысты пікір білдірді Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов АҚШ президенті Дональд Трамптың тарифтерге қатысты шешіміне жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер "Қазақстан АҚШ тауарларына баж салығын көтеруді жоспарлап отыр ма?" деп сұрады.

"Ондай жоспар жоқ. Бірден айтайын. Ал АҚШ-тың жаңа ережелерін айтатын болсақ, АҚШ-қа жіберетін экспорттың жалпы көлемінің 95 пайызы жаңа ережелерге жатпайды. Сондықтан біз ауқымды кері әсерін күтпейміз, болмайды да. Бірақ, әрине, біз америкалық әріптестерімізбен келіссөздер жүргізуге дайынбыз, жүргізіп жатырмыз да", – деді Үкімет басшысы.

Айта кету керек, бұған дейін Трамп Қазақстан тауарларына 25% баж салығын енгізетінін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу