Премьер-Министр Олжас Бектенов референдумда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Үкімет басшысы Астана қаласында Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы ғимаратында орналасқан №61 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Дауыс беру 6 қазан күні сайлау учаскелерінде сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. 84 учаске өз жұмысын таңғы алтыда бастады. Республика бойынша дауыс беруге арналған барлығы 10 000-нан астам учаске бар. Шетелдегі учаскелер бірінші болып Сеул мен Токио қалаларында ашылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу