Омбудсмен қоғамдық көлікте аутизмі бар баланы кемсіткен әйелге қатысты пікір білдірді

785

Қазір аталған әйелді полиция іздеп жатыр.  

Омбудсмен қоғамдық көлікте аутизмі бар баланы кемсіткен әйелге қатысты пікір білдірді Фото: astanatimes.com

Астана қаласында автобуста науқас баланы балағаттаған әйелге іздеу жарияланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл жағдай көпшілік арасында қызу талқыланып жатыр. Еліміздегі бала құқықтары жөніндегі арнайы уәкіл Динара Зәкиева аталған баланың анасымен байланыста екенін жариялады.

– Астанада қоғамдық көліктегі жолаушы әйелдің балаға дөрекілік танытып, кемсіткені туралы анасы айтып берді. Осыған байланысты қала прокуратурасымен байланыс орнатылды. Сарыарқа ауданының полиция басқармасы күдіктінің жеке басын анықтау бойынша шаралар жүргізіп жатыр, – деп жазды Динара Зәкиева.

Айта кетейік, бұған дейін Сағина атты елордалық тұрғын аутизмі бар қызына автобустағы әйелдің дөрекілік танытқаны туралы айтып әлеуметтік желіге шығарды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу