"Омикрон" 110 елден табылды

741

Бұл штамды жұқтырған алғашқы науқас Оңтүстік Африкада тіркелген болатын. Коронавирустың "омикрон" деп аталатын штамы тез таралып жатыр. Осы күнге дейін ол әлемнің 110 елінде табылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдемеcіне сілтеме жасап. 

"Омикрон" 110 елден табылды

АҚШ Президенті Джо Байден жаңа штамм елдегі басым штамға айналғанын мәлімдеді. Ол ел тұрғындарын тезірек вакцина ектіруге үндеді.

Ұйымның айтуынша, COVID-19-дың жаңа түрін зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. ДДСҰ сарапшылары бұл штамның "дельтаға" қарағанда жылдамырақ таралатынын айтуда. "Омикронды"жұқтырған алғашқы науқас Оңтүстік Африкада тіркелген болатын.

Бұған дейін Түрікменстанның Балқан уәлаятында Қазақстаннан оралған төрт түрікменстандықтан "омикрон" анықталғаны жарияланды. Осы жайттан кейін қос ел арасындағы шекара өткелі жабылды.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу