Өмірден өткен депутаттың соңғы өтініші орындалмақ

579

Ақтөбе облысының бес ауылына газ тартылады.

Өмірден өткен депутаттың соңғы өтініші орындалмақ

Жақында жүрек талмасынан көз жұмған мәжіліс депутаты Глеб Щегельскийдің Ақтөбе облысының бес ауылын газдандыру туралы соңғы ұсынысы орындалатын болды. Айта кетсек, ол парламенттің төменгі палатасында республикалық бюджет есебінен аталған бес елді мекенді қаржыландыру бойынша бастама көтеріп, ол бастапқыда қолдау таппаған еді. Алайда әріптестері кейін халық қалаулысының  соңғы өтінішін орындау жөнінде шешімге келді.

Белгілі болғандай, бұл бір газ құбырының бойындағы ауылдар екен. Ол бес жоба ретінде қарастырылған.

"Аталған елді мекендер: Қобда ауданы Сарбұлақ, Мәртөк ауданы Қаратаусай, Байтұрсай, Мұғалжар ауданы Қаракөл, Ырғыз ауданы Құтикөл, Қарғалы ауданы Әлімбет ауылдары. Қазір біз аталған жерлерге газ жүргізу бойынша қосымша тапсырыс жіберіп жатырмыз", – дейді Ақтөбе облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Айбек Қайыр.

Қазіргі күні облыс тұрғындарға шаққанда 92,2 пайыз, елді мекендер бойынша 35,9 пайыз көгілдір отынмен қамтылыпты. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу