/img/tv1.svg
RU KZ
Өмірзақ Шөкеев белгілі заңгерлер мен құқық қорғаушылармен кездесті

Өмірзақ Шөкеев белгілі заңгерлер мен құқық қорғаушылармен кездесті

Кездесуде облыс әкімі «Ары таза адам өзіне қара күйенің жағылуына жол бермейді» деп айтты.  

16 Қаңтар 2020 19:54 526

Өмірзақ Шөкеев белгілі заңгерлер мен құқық қорғаушылармен  кездесті

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев «Сотқа дейінгі іс жүргізу: шындығы және жетілдіру жолдары» атты халықаралық конференцияға қатысқан шетелдік және қазақстандық белгілі заңгерлер мен құқық қорғаушылар және қоғам белсенділермен кездесті, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Халықаралық жиынға Түркия, Ресей, Өзбекстан елдерінен арнайы келген ғылым, заң, сот саласының өкілдері мен еліміздегі Жоғары Соттың, Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің өкілдері конференция барысында заң аясында диалогтық алаң құрып, үздік тәжірибелерімен ой бөлісті.

Аймақ басшысының қабылдауында болған қонақтар аталған жиынның маңыздылығын атап өтіп, облыс басшысына алғыстарын жеткізді. Алғы сөз алған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының орынбасары Нұрлан Шабдар өңірде жүріп жатқан жемқорлықпен күрес жұмыстарының жүйелі де нәтижелі екенін атап өтті. Түркістан облысында шығарылатын өнімдерде «Сыбайлас жемқорлықтан таза аймақ» атты мөр басылатыны жайлы бастаманың өзектілігін ерекше ескерді. Өз кезегінде, облыс басшысы жиынға қатысқан қонақтарға алғысын білдірді.

«Мұндай ауқымды жиынның өңірімізде осымен екінші рет өтіп жатқаны қуантады. Жемқорлық, рас, жаһанға жайылған індет. Әйткенмен, Түркістан секілді киелі өңір бұл індеттен ең таза аймақ болуы тиіс. Осы жолда атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар жеткілікті. Ары таза адам өзіне қара күйенің жағылуына жол бермейді», – деді облыс әкімі кездесу барысында.

Отырыста елімізде адвокат пен тергеуші мәртебесін көтеру, жемқорлыққа қатысты халықтың құқықтық сауатын арттыру жұмыстарын күшейтуді секілді көптеген маңызды мәселелер көтерілді. Сотқа дейінгі іс жүргізудегі және құқық қолданудағы өзекті мәселелерді жан-жақты талқылап, халықаралық тәжірибелерді зерттеу, тиімді тәсілдерді әзірлеу жөнінде пікір алмасты.

Ресейде адам ұрлағаны үшін іздеуде болған қылмыскер Нұр-Сұлтаннан ұсталды

Елорда полицейлері ТМД құқық қорғаушыларымен бірлесіп, 16-17 қыркүйек аралығында «Іздеу» кең көлемді шарасын өткізді.  

18 Қыркүйек 2020 20:23 174

Тәртіп сақшылары екі күннің ішінде 22 қылмыскерді ұстаған, соның ішінде жетеуі көрші елдер – Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанда іздеуде болған, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті..

Із-түссіз жоғалған 9 адамның жүрген жері анықталды.

Ресейдің Орынбор облысында адам ұрлағаны үшін іздеуде болған 33 жастағы қазақстандық азамат Нұр-Сұлтаннан ұсталған.

Ұсталған кезде ер адам жасалған қылмысқа қатысы жоқ екенін айтқан.

Алайда Ресейдегі әріптестерімен байланысқа шыққан қазақстандық тәртіп сақшылары олардан айғақ құжаттар алып, ер адамды қамауға алды.

KAZGUU заңгерлері ZOOM платформасы арқылы тегін кеңес береді

Клиницист-студенттердің жауаптары алдын ала кәсіби заңгерлердің сапа тексеруінен өтеді. 

14 Қыркүйек 2020 17:47 470

М.С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU Университеті  азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халыққа заңгерлік көмек көрсету мақсатында "TEGIN KENES" жобасын бастады, деп жазады университеттің баспасөз қызметі. Енді Қазақстанның әрбір азаматы үйден шықпай-ақ білікті заңгердің кеңесін тегін ала алады.
Ол үшін ZOOM қосымшасын орнатып, сілтеме бойынша өту қажет. Азаматтарды қабылдау виртуалды кабинетте дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 10.00 - 18.00 аралығында өтеді.

«Әр адамға сапалы құқықтық кеңес қажет. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлік қызметтің басым міндеттерінің бірі — мұқтаж  жандарға заңгерлік көмек беру деген болатын.  Бірақ құқықтанушы мамандар қызметінің бағасы барлығына бірдей қолжетімді емес.  Сауатты заңгерлердің кеңесі уақытында берілген болса, біраз кейстерді шешуге болатын еді», – деп атап өтті клиницист-студент Рамазан Әзіретқұлов.

Заң клиникасы директорының айтуынша, азаматтық, отбасылық немесе еңбек мәселелері бойынша хабарласуға болады. Клиницист-студенттердің жауаптары алдын ала кәсіби заңгерлердің сапа тексеруінен өтеді.

«Біз Қазақстанда Волонтерлер жылы жарияланғанға дейін де құқықтық еріктілер ретінде белсенді жұмыс атқардық. Биыл карантиндік шектеулерді ескере отырып, қашықтан кеңес беруді қолға алып отырмыз. Арнайы әзірленген   Zandar.kz сайтынан басқа, ZOOM платформасында виртуалды кабинет іске қосылды. Заң клиникасында тағылымдамадан өтіп жүрген студенттер Сізді мазалаған сұрақтарға онлайн режимде жауап беруге дайын. Біз студенттеріміздің күш-жігері арқылы құқықтық волонтерлікті дамытып, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға үлес қосып қана қоймай, болашақ заңгерлерді әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелейміз»,– деп атап өтті КАЗГЮУ Заң клиникасының директоры Эстер Бабаджанян.