Он күннен бері жарықсыз отыр

548

Ақтөбе облысында шалғайдағы үш елді мекен әлі күнге жарықсыз отыр.

Он күннен бері жарықсыз отыр

Ырғыз ауданында Жаныс би мен Шеңбертал ауылдары, Шалқар ауданындағы Тұмалыкөлде электр жарығы өшкеніне он күн болған. Үш ауылда 1500-ге жуық үй бар. Қатты жел тұрған сәтте  ауыл арасындағы 70 баған құлап, желілер үзілген. Содан бері энергетиктер бағандарды қалыпқа келтіріп, ақауды жөндеумен айналысып келеді. 

"Жаныс би мен Шеңбертал ауылдары бойынша 12 адам 4 арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда резервтік линияға қосу бойынша барлық жұмыстар бітті. Жаныс би  ауылы бойынша ішкі электр желілерін  қарап жатыр. Тұмалыкөлде 10 адам 4 техника жұмыс істеуде. Құлаған 42 баған жөнделді. Жарықты барлық жұмыстар біткеннен кейін қосу жоспарланып отыр. Бүгін кешке жарық берілуі мүмкін, деді Ақтөбе облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Нұрберген Бекеев.

Қазір үш ауылдағы әлеуметтік нысандарға генератордың көмегімен жарық беріліп жатыр. Жұмыстардың он күнге дейін созылып кетуін облыстық әкімдіктегілер ауа райының қолайсыздығымен байланыстырды. Желдің екпіні қатты болғандықтан, крандарды көтеру қиындық келтірген. Әрі электр желілерін тарту да қауіпті болыпты.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында 40 ауыл жарықсыз қалғанын жазған едік. Оған қатты дауылда электр бағандарының құлап, желілерде мұз қатуы себеп болған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу