Өңдеу өнеркәсібіне 11,2 трлн теңге инвестиция тартылмақ

909

4 жылдан кейін аталған салада 100 мың тұрақты жұмыс орны құрылады.

Өңдеу өнеркәсібіне 11,2 трлн теңге инвестиция тартылмақ

2025 жылдың соңына дейін өңдеуші өнеркәсіпке 11,2 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі "Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу" ұлттық жобасына қатысты ақпарат жариялады.

Ондағы мақсат – өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілетті өнімді өндіре алуы. Оған қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылады:
- Өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын технологиялық жаңғырту; 
- Өндіріс көлемін ұлғайту;
- Өңдеуші өнеркәсіп тауарларының номенклатурасын кеңейту.

Бұл міндеттер орындалған кезде мынадай стратегиялық көрсеткіштерге қол жеткізіледі:
- Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін 38,9%-ға өсуі (2019 жылғы деңгеймен салыстырғанда);
- Өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынған инвестицияның 79,5%-ға өсуі (2019 жылғы деңгеймен салыстырғанда);
- Өңдеу өнеркәсібі өндірісі көлемінің 1,5 есе номиналды өсуі (2020 жылмен салыстырғанда).

Сондай-ақ цифрлық технологияларды пайдаланатын өңдеуші өнеркәсіптегі ірі және орта кәсіпорындардың үлесі 23%-ға дейін артады. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 19 трлн теңгеге дейін ұлғаяды.

"Аталған жоспарларды іске асырып, жаңа өндірістерді іске қосу нәтижесінде салық түсімдері артады. 2025 жылдың соңына дейін 9,1 трлн теңге салық аударымдары түседі деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ 2025 жылдың соңына дейін өңдеуші өнеркәсіптің негізгі капиталына 11,2 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланған", – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар 2025 жылға дейін экспортқа бағдарланған өнім өндірісінің көлемін 9,1 млрд долларға өспек. 2020 жылмен салыстырғанда өңдеуші өнеркәсіп қызметкерлерінің жалақысы 31,5%-ға артпақ, әрі 2025 жылдың соңына дейін 100,3 мың тұрақты жұмыс орны құрылады.

Индустриялық-инновациялық даму бағытын іске асыруға 2021-2025 жылдары республикалық бюджеттен 264,3 млрд теңге көзделген.

Айта кетейік, осыған дейін мамандар елдегі Ұлттық жобалар қалай жүзеге асырылатынын түсіндірген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу