Өңдеуші кәсіпорындардың дені жергілікті нарыққа ғана жұмыс істейді

228

Қазақстанның өңдеуші секторында 11 мың кәсіпорын бар. 

Өңдеуші кәсіпорындардың дені жергілікті нарыққа ғана жұмыс істейді Фото: mcsert.ru

"Өңдеу өнеркәсібі одағы" ЗТБ басқарма төрағасы Марат Баққұлов Сенатта өткен парламенттік тыңдауда өңдеуші өнеркәсіптегі негізгі мәселелерді айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өңдеуші өнеркәсіптің құрылымы соңғы жылдары өзгермей келеді. 13 пайызға дейінгі аздаған өсім бар, бірақ егер де негізгі бағыттарға қарайтын болсақ, ЖІӨ үлесінің пайызы бірнеше жыл қатарынан өзгермей отырғанын көруге болады. Бұл біздегі кәсіпорындардың басым бөлігі жергілікті нарыққа ғана жұмыс істейді дегенді білдіреді. Егер де біз бұл кәсіпорындардың дамуы туралы айтсақ, онда бірінші кезекте экспорт та болу керек. Сандарға көз жүгіртсек, біздің өнеркәсіп ішкі қажеттіліктерді ғана өтеп отыр", - деді Марат Баққұлов.

Спикер өңдеуші салада 11 мың кәсіпорын бар екенін айтты.

"Оның өзінде ірі кәсіпорындар саны – 256, бұдан басқа 450-ге жуық орта кәсіпорын бар. Кәсіпорындардың дені шағын бизнеске жатады", - деп атап өтті "Өңдеу өнеркәсібі одағы" ЗТБ басқарма төрағасы.

Айта кету керек, осыған дейін жеңіл өнеркәсіп саласында 720 тұрақты жұмыс орны ашылатынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу