Өндірушілер Қазақстандық тауар өндірушілер реестрінде тіркелуі тиіс

277

"Қазақстандық тауар өндірушілер реестрі" мемлекеттік цифрлық платформасы іске қосылды. 

Өндірушілер Қазақстандық тауар өндірушілер реестрінде тіркелуі тиіс Фото: canva

Қазіргі уақытта жүйе тәжірибелік пайдалануға беріліп, e-ondiris.gov.kz сайтында қолжетімді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа цифрлық жүйеге біртіндеп және кедергісіз көшу үшін бұрын жарамды индустриялық сертификаттар негізінде қазақстандық өндіруші мәртебесін растаған 1 868 субъект автоматты түрде реестрге енгізілді.

Қолданыстағы қағидаларға сәйкес, барлық бизнес субъектілері Қазақстандық тауар өндірушілер реестрін жүргізу тәртібі аясында ақпараттық жүйеде тіркелу үшін өтініш бере алады.

Қазіргі уақытта:
– жүйеде 2 769-дан астам компания тіркелген;
– 1 346 өтінім қабылданған.

Реестрге машина жасау, құрылыс индустриясы және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы кәсіпорындар енгізілген. Олардың қатарында теміржол техникасын, автомобиль компоненттерін, сорғы жабдықтарын, цемент пен бетон бұйымдарын, керамикалық плиткалар мен аяқ киім өндіретін кәсіпорындар бар.

Бұған дейін Реестрге автоматты түрде енгізілген өндірушілер 30 қаңтарға дейін жүйедегі деректерін толықтырып, өтінімдерін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы растауы тиіс. Аталған талап орындалмаған жағдайда кәсіпорындар Қазақстандық тауар өндірушілер реестрінен шығарылатын болады.

Цифрлық платформаны енгізу рәсімдердің ашықтығын арттыруға, әкімшілік кедергілерді азайтуға және мемлекеттік қолдау шараларын нақты өндірістік қызметпен айналысатын кәсіпорындарға бағыттауға мүмкіндік береді.

Қазақстандық тауар өндірушілер реестрін кезең-кезеңімен толықтыру жұмыстары жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу