Өнертапқыш қазақ әлемдегі ең арзан күн батареясын ойлап тапты

795

Өнертапқыш қазақ әлемдегі ең арзан күн батареясын ойлап тапты

Қазақстанның күн батареялары энергияның бір ватының өзіндік құнын 50 центтен 25 центке дейін арзандатады. Технологияны ойлап тапқан өнертапқыш Азат Өмірғалидің айтуынша, бұл оптикалық концентрацияның арқасында мүмкін болған, деп хабарлайды naryk.kz.

"Күн сәулесі оптикаға түседі. Одан кейін оптика оны бір нүктеге жинайды. Сол жерде энергия пайда болады. Осы технологияның арқасында шығын азайтылады", – дейді Азат Өмірғали.

Оның айтуынша, осының арқасында күн энергиясының құны арзандайды.

"Қазіргі таңда әлемде бір панельдің құны 110 доллар болса, ал біздің панель 54 доллар тұрады. Алдағы уақытта жылына 50-60 мВт энергия шығарамыз. Алдын-ала есептеу бойынша, бұл құрылығы 15-20 мың пәтерді энергиямен қамтамасыз етеді", – дейді өнертапқыш.

"Дегенмен, өндіріске шығу үшін кемінде 200 мың доллар мен бір жылдық еңбек керек. Егер жұмыс жүріп кетсе, біздің энергия Қытайдікінен 2 есеге арзан болады", – дейді Азат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу