Онлайн ақша аударым екіге бөлінетін болды

1361

Картадан картаға онлайн аударым жасау "жеке" және "кәсіпкерлік" болып екіге бөлінеді, деп хабарлайды Atameken Business.  

Онлайн ақша аударым екіге бөлінетін болды

Қаржы министрлігі жаңа жүйенің қалай жүзеге асырылатынын айтты. Мобильдік төлемдерге және кәсіпкерлік қызмет үшін жеке шотты пайдалануға заңнамалық деңгейде анықтама беру ұсынылады. Яғни, кез келген адам онлайн аударым жасар кезде, ақшаны кімге жіберіп жатқанын көрсетеді. Бұдан бөлек, мелекеттік кірістер комитеті бизнес өкілдеріне жеке шоттарды пайдалануға тиым салады. Ол үшін қауіп-қатерді басқару жүйесін жасақтау көзделіп отыр. Мәселен, дүкен сөрелерінде аударымарды қабылдау туралы ақпараттың болуы, телефон нөмірін көрсету, сатушының фискалдық чек бермегені туралы тұтынушылар тарапынан шағымдар болса, кәсіпкер мемлекеттік органның талаптарымен ұсынымдарын елемеген болып саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу