Оңтайландырылған декларацияның бизнеске әсері талқыланды

888

Қайрат Мәжібаевтың айтуынша, оңтайландырылған декларацияға өту сауда субъектілерін "көлеңкелі" нарықтан шығуын қарастырмайды.

Оңтайландырылған декларацияның бизнеске әсері талқыланды

"Атамекен" ҚР ҰКП төралқасы сауда комитенінің отырысында патенттен оңтайландырылған декларация негізіндегі арнайы салықтық режимге өтудің отандық бизнеске әсері талқыланды.

Естеріңізге салсақ, сауда саласы 2020 жылдан бастап оңтайландырылған режимге толығымен өтуі керек. 2020 жыл 1 қаңтардан бастап сатылған тауар үшін барлық ақшалай есептер бақылау-кассалық машиналарды қолдану арқылы жүзеге асатын болады.

"Атмамекен" ҚР ҰКП төралқасы сауда комитетінің төрағасы Қайрат Мәжібаевтың айтуынша, оңтайландырылған декларацияға өту сауда субъектілерін "көлеңкелі" нарықтан шығуын қарастырмайды, керісінше, кәсіпкерлерді табыстарын жасыруға итермейлейтін болады. Өйткені салық режимінің бұл өзгерісі бизнестен қосымша шығын талап етеді.

Атап айтқанда, "Атамекен" жылдық айналымы 8,9 млн теңгені, патент бойынша таза табысы 115 590 теңгені құрайтын кәсіпорынға талдау жүргізді. Салықтың 1%-ға аздап қана өзгеруі  (айналымнан 2%-дан 3%-ға дейін) шағын кәсіпкерлік субъектісінің таза табысын 36%-ға қысқартуға әкеп соғады.

"Кәсіпорынның сол қаражаты айналымынан түскен таза  табысы небәрі 73 716 теңгені құрайды. Салықтық төлемдер болса еш өзгермейді, ал таза табыс банк шотын ашу және қызмет көрсету, POS-терминалды жалға алу, бақылау-кассалық машинаны қарау, интернет қызметтерін төлеу сынды қосымша шығындар салдарынан қысқарады", – деді Нұрлыбек Мұқанов.

Нәтижесінде бюджетке түсетін қосымша түсімдердің көлемі 915 млн теңгені, тысқары ұйымдардың табысы (екінші деңгейлі банктер, "Қазақтелеком" АҚ, бақылау-кассалық машиналарды сататын және қызмет көрсеттін ұйымдар) 3,9 млрд теңгені құрамақ.

"Қазақстанның тікелей сатылымдар қауымдастығы" ЗТБ атқарушы директоры Анастасия Калашниковның айтуынша, бизнес өкілдері оңтайландырылған декларациямен жұмыс істеуге қарсы емес, алайда цифрландыру, сонымен қатар бухгалтерлік есептердің қиындауы қосымша қаржылық ауыртпалыққа әкеп соғады.

"Бизнес өкілдері енді бухгалтерлерді жалдауға мәжбүр, ал патент негізінде кәсіпкерлер ешкімді жалдамай-ақ өздері жұмыс істейтін", – деп атап өтті Анастасия Калашникова.

Жиын қорытындысы бойынша Қайрат Мәжібаев қауымдастық, құзырлы органдар, Ұлттық банк, "Қазақтелеком" АҚ өкілдері және қызметтер операторлары мен жабдықтарды жеткізушілерді шақыру арқылы жекелеген алаңда кездесуді ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу