"Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне" жаңа атау берілді

773

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. 

"Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне" жаңа атау берілді Фото: otyrar.kz

Түркістан облысында педагогикалық университетке Өзбекәлі Жәнібековтің есімі берілді.

  1.  "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы "Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта аталсын.
  2.  "Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамына Өзбекәлі Жәнібековтің есімі берілсін.
  3.  "А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы атауының транскрипциясы өзгертілсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
  5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу