Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль өз қолымен жазған жазбасында әскери жағдай заңды бұзбайтынын мәлімдеді. Бұл мәтін оның Facebook парақшасында жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Құрметті отандастар, әскери жағдай – қылмыс емес. Ұлттық дағдарысты еңсеру мақсатында әскери жағдай енгізу Президенттің өкілеттігінде бар", – деп жазды Юн Сок Ёль.
Yonhap агенттігінің жазуынша, Корея басшысы соғыс жағдайын бүлік шығарумен теңестіру "ақылға қонымсыз" екенін атап өтті.
Айта кету керек, осыған дейін Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль қамауға алынғанын жазғанбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу