Оңтүс Корея полициясы жаппай төбелеске қатысқан 19 қазақстандықты ұстады. Бұл туралы СІМ баспасөз жетекшісі Нұрбек Алмашов айтты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
"18 сәуір күні Оңтүстік Кореяның бір қаласында сол елде заңсыз жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарының қатысуымен төбелес орын алды. Жергілікті полиция Қазақстанның 19 азаматын ұстады",– деп хабарлады Алмашов.
СІМ өкілінің айтуынша, қазір еліміздің Кореядағы елшілігі оқиғаның мән-жайын анықтауда. Дипломаттар жергілікті полиция және миграциялық қызметпен үздіксіз байланыста, бұл мәселені назарда ұстап отыр дейді ол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу