Оңтүстік Кореяда 2 қазақстандық қайтыс болды

1282

Сыртқы істер министрлігі еліміздің Сеулдегі дипломаттары жергілікті билікпен байланыста екенін хабарлады.

Оңтүстік Кореяда 2 қазақстандық қайтыс болды

2020 жылғы 29 сәуірде Оңтүстік Кореяның Ичхон қаласында логистикалық қойманың құрылыс алаңында өрт болып, нәтижесінде 38 адам қайтыс болды, 10 адам жарақат алды. Іздеу жұмыстары жалғасуда.

Қайтыс болғандардың екеуі Қазақстан азаматы екені анықталды.

"Жергілікті биліктің хабарлауынша, қайтыс болған 38 адамның 29-ы, оның ішінде Қазақстан Республикасының екі азаматы анықталған. Біздің Сеулдегі дипломаттар жергілікті билікпен байланыста",– деп жазылған СІМ хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу