Оңтүстік Кореяда адам қағып кеткен 20 жастағы жігіт Павлодарда қашып жүр

1666

 Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореяда кішкентай баланы қағып, оқиға орнынан із суытқан.

Оңтүстік Кореяда адам қағып кеткен 20 жастағы жігіт Павлодарда қашып жүр

Оңтүстік Кореяда кішкентай баланы қағып кеткен 20 жастағы қазақстандық Павлодарда жүр. Бұл туралы елордада өткен баспасөз мәслихатында ҚР сыртқы істер министрлігің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Ол Қазақстанға қашып кеткен. Яғни, ұшаққа билет алып, еліне жеткен. Қазіргі уақытта бостандықта, Павлодар қаласында тұрады. Сол жақта біздің жергілікті құқық қорғау органдары оны тауып, сөйлесті. Корея тарапынан арнайы құжаттар келіп түсті. Ол құжаттарды сыртқы істер министрі тиісті механизм бойынша бас прокуратураға жолдады. Енді бұл мәселе екі мемлекеттің құқық қорғау органдарының арасында шешіледі", – деді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, Қазақстан тарапынан 1999 жылғы жігітке ешқандай бұлтартпау шарасы қолданылмаған. ҚР СІМ ресми өкілі бұны қылмыстың Қазақстан аумағында жасалмағанымен түсіндірді.

"Ол үйінде. Бостандықта жүр. Тек Корея тарапының құжаты негізінде іс қарастырылады", –деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу