Оңтүстік Кореяда бірнеше әскери қолбасшы қызметінен шеттетілді

282

Билік елде әскери жағдай енгізуге тырысқан кезде әскерилер сынға ілікті.

Оңтүстік Кореяда бірнеше әскери қолбасшы қызметінен шеттетілді Фото: © Игорь Иванов/ТАСС

Оңтүстік Кореяда Президент Юн Сок Ёльдің әскери жағдайды енгізу әрекетіне қатысқан үш әскери қолбасшы өз міндеттерінен шеттетілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Yonhap ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Генерал-лейтенант Ли Джин У, Сеул қорғаныс қолбасшылығының басшысы және генерал-лейтенант Квак Чон Гын, армияның арнайы операциялар қолбасшылығының басшысы және қарсы барлау қолбасшысы генерал-лейтенант Ё Ин Хён басқа бөлімшелерге ауыстырылды. 

Бұл шешімнің қабылдауына әскери жағдайды енгізу кезінде әскерилердің сынға ілінуі себеп болды. Олар Парламент ғимаратын бұғаттауға қатысқан.

Айта кету керек, осыған дейін Оңтүстік Корея президентіне импичмент жариялау процесі басталғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу