Оңтүстік Кореяда қашып кеткен қазақстандықты тапқанға сыйақы тағайындалды

966

Оңтүстік Кореяда қашып кеткен қазақстандықты ұстағаны үшін 30 миллион вон (10 миллион теңгеден астам) сыйақы ұсынылды

Оңтүстік Кореяда қашып кеткен қазақстандықты тапқанға сыйақы тағайындалды Фото: tengrinews.kz

Бұл туралы Оңтүстік Корея әлеуметтік желілеріндегі арналардан белгілі болды, деп жазады Inbusiness.kz. 

Korea Komek ақпараты бойынша, 18 жастағы қазақстандық Нұрсұлтан Ырысбаевты іздеуге көмектескені үшін Оңтүстік Корея билігі ақшалай сыйақы тағайындап, виза беруге уәде берді. 

Бұған дейін, Корея Республикасына кіруге тиісті рұқсат алмаған Қазақстанның екі азаматы Инчхон халықаралық әуежайынан заңсыз қашып кеткенін жазған болатынбыз. Кейінірек олардың бірін жергілікті полиция ұстаған, ал екіншісі іздестіріліп жатыр.

Аталмыш оқиға Оңтүстік Кореяда қоғам арасында талқыға салынып, жергілікті БАҚ-та кеңінен жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу