Оңтүстік Кореяның бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ён Хён Сеулдегі тергеу изоляторында өзіне қол жұмсамақ болды. Тиісті ақпаратты Рёнхап агенттігі таратты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осыған дейін сот Ким Ён Хёнді қамауға алу туралы шешім қабылдады. Шенеунік 3 желтоқсанда елде әскери жағдайдың енгізілуіне байланысты бұзушылықтар бойынша айып тағылғандардың бірі.
Тергеу Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшысы президентке әскери жағдайды жариялауды ұсынып, парламент пен ұлттық сайлау комиссиясының штаб-пәтерінің аумағында әскер орналастыру жөнінде бұйрық берді деп отыр.
Айыптаушы тараптың дерегінше, Ким Ён Хён президентпен кеңесіп, әскери жағдай туралы жарлыққа қол қойған.
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльге елден кетуге тыйым салынды.