Оңтүстік өңірлерде "право" сатып, пайда көргендер қолға түсті

837

Жүргізуші куәліктерін заңсыз берудің 35 дерегі анықталып, қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар мен орындаушылар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.  

Оңтүстік өңірлерде "право" сатып, пайда көргендер қолға түсті                           Фото: Жамбыл облыстық полиция департаменті

Жамбылдық полицейлер Жамбыл, Түркістан облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларының тұрғындарынан тұратын қылмыстық топтың мүшелерін қолға түсірді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Олар тиісті оқыту сабақтарын және көлік басқаруын тәжірибе жүзінде тексерместен, қомақты сыйақыға жүргізуші куәліктерін "сатумен" ұзақ уақыт бойы айналысқан. Топқа ХҚКО қызметкерлері және жоғарыда аталған өңірлерден жүргізуші куәлігін алғысы келетін клиенттерді іздеумен айналысқандар мүше болған. Құжаттар Тараз қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ресімделіп, берілген. 

Осы жылдың 12 ақпанда жоғарыда аталған өңірлерде күдіктілердің жұмыс орындары мен тұрғылықты жерлері бойынша құрықтау және тергеу іс-шаралары жүргізілді. Оның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының басшылары мен лауазымды адамдары бар. Қазіргі уақытта жүргізуші куәліктерін заңсыз берудің 35 дерегі анықталып, қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар мен орындаушылар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.  

Қылмыстық істер аясында тергеу жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу