ОПЕК+ бірнеше елі мұнай өндірісін арттыруды ұсынды

673

Қазақстан қазіргі өндіріс көлемін әлі де бірнеше ай өзгертпеуге түбейгейлі қарсы екенін білдірді.

ОПЕК+ бірнеше елі мұнай өндірісін арттыруды ұсынды

ОПЕК+ келісіміне қол қойған елдер мұнай өндірісіне қатысты ортақ мәмілеге келе алмай отыр. Картельдің бірқатар мүшесі өндірісті қаңтар айынан бастап біртіндеп арттыруға үндесе, біразы қазіргі өндіріс көлемін әлі де бірнеше ай өзгертпеу керек деген пікірде. Tass.ru басылымының хабарлауынша, Ресей және бірнеше ел қаңтардан бастап өндірісті көбейту жағын қолдап отыр. Бұл елдердің ойынша, нарықтағы қазіргі ахуал көктемдегіге қарағанда тұрақты. 

Басылымның тағы бір дерегіне сүйенсек, Қазақстан қазіргі өндіріс көлемін әлі де бірнеше ай өзгертпеуге түбейгейлі қарсы екенін білдірген. 

30 қараша мен 1 желтоқсанда ОПЕК+ елдері мүшелерінің кезекті келіссөздері өтеді. Кездесуде 2021 жылдың алғашқы айларындағы мұнай өндірісіне қатысты шешім қабылданады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу