ОПЕК болжамынан кейін мұнай арзандады

1005

Brent 60,76 долларға саудаланып жатыр.

ОПЕК болжамынан кейін мұнай арзандады

Мұнай бағасы ОПЕК болжамынан кейін төмендеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Investing.com басылымына сілтеме жасап.

Бұдан бөлек Халықаралық энергетикалық агенттіктің ұсынысқа қатысты дерегі де нарыққа кері әсерін тигізді.

Ресми мәлімет бойынша, Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 0,62%-ға төмендеп, 60,76 доллар болды. WTI фьючерстері 0,69%-ға арзандап, қазір оның бір баррелі 57,84 долларға саудаланып жатыр. 

ОПЕК биыл мұнайға деген сұраныс аз болады деп отыр.Ұйым сарапшыларының айтуынша, сұраныс көлемі бір тәулікте 100 мың баррельге қысқарып, 5,8 миллион баррельге дейін төмендейді. Халықаралық энергетикалық агенттік болса, коронавирустың жаңа штамдарының таралуы мен локдаундар кесірінен сұранысқа қарағанда ұсыныс мөлшері көбірек дегенді мәлім етті.

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу