ОПЕК болжамынан кейін мұнай арзандай бастады

790

Альянстың соңғы болжамына сүйенсек, 2021 жылы мұнайға деген бір күндегі сұраныс көлемі 5,9 млн баррелге артып, 96,89 млн баррельге жетеді.

ОПЕК болжамынан кейін мұнай арзандай бастады

15 желтоқсандағы сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы төмендеді. Бұған ОПЕК ұйымының 2021 жылғы сұранысқа байланысты жасаған болжамы әсер етті. 
Brent сұрыпты мұнай баррелі 0,74%-ға арзандап, 49,92 доллар болды. WTI фьючерстерінің бағасы 0,72%-ға түсіп, қазір оның бір баррелі 46,65 долларға саудаланып жатыр. ОПЕК альянсының соңғы болжамына сүйенсек, 2021 жылы мұнайға деген бір күндегі сұраныс көлемі 5,9 млн баррелге артып, 96,89 млн баррельге дейін жетеді. 

Жақында эталон сұрыпты мұнай құны қымбаттап, наурыздан бергі ең жоғарғы деңгейге дейін көтерілген еді. Дегенмен бірқатар сарапшының ойынша, вакцина туралы мәлімет нарықтың сәл де болса оңалуына түрткі болғанымен, қыста шикізат нарығы қиын кезеңді бастан кешіруі мүмкін. 

Ескере кететін жайт, ОПЕК+ альянсының кезекті отырысы 3 және 4 қаңтарда ұйымдастырылады. Тараптар өндіріске қатысты осындай кездесулерді ай сайын өткізуге уағдаласты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу