ОПЕК+ келісімі 2022 жылдың соңына дейін ұзартылуы мүмкін

558

Қаңтар айынан бастап бір күнде өндірілетін мұнай көлемі 0,5 млн баррельге көбейтіледі. 

ОПЕК+ келісімі 2022 жылдың соңына дейін ұзартылуы мүмкін

ОПЕК+ елдері қазіргі мұнай өндірісінің 40%-ын реттеп отырған келісімді 2022 жылдың соңына дейін ұзартуы мүмкін. Бұл туралы Сауд Арабиясының энергетика министрі Әбдель Әзиз бен Сальман мәлім етті.

"Біздің келісім 2022 жылдың сәуіріне дейін күшіне енгізілген. Бірақ оны 2022 жылдың соңына дейін ұзарту жоспарда бар", – деді ол.

Ескере кететін жайт, альянс бұл келісімді 2020 жылдың мамырында қабылдаған еді. ОПЕК+ сәуір айында бір күнде өндірілетін мұнай көлемін 9,7 млн баррельге қысқарту туралы шешім қабылдады. Тамыз айында 7,7 млн баррельге азайтылды. Ал 2021 қаңтар айынан бастап, керісінше, өндіріс көлемі 0,5 млн баррелге көбейтіледі. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу