ОПЕК+ келісімінен кейін мұнай бағасы өзгеріссіз қалды

809

Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 63,39 доллар болды.

ОПЕК+ келісімінен кейін мұнай бағасы өзгеріссіз қалды

Венада өткен ОПЕК+ кездесуінде күніне өндірілетін мұнай көлемін 500 мың баррельге қысқарту ұсынылды. Бұған дейін ұйым шикізат өндірісін азайту  туралы шешімге келген болатын.

Bloomberg агенттігінің соңғы дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қаңтарындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 39 центке қымбаттап, баррелі 63,39 доллар болды.

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қаңтардағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері өзгеріссіз қалып, барреліне 58,43 долларды құрады.

LPS Partners сарапшысы Майкл Хейлидің айтуынша, бұл келісімнің ешқандай мағынасы жоқ, өйткені ол мұнай нарығындағы жағдайға айтарлықтай әсер ете қоймайды. Мұнай құны қатты құлдырап не шарықтап кетіп жатқан жоқ. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу