ОПЕК+ келісімінен кейін мұнай қымбаттады

580

Картель өндірісті арттыру туралы шешім қабылдады.

ОПЕК+ келісімінен кейін мұнай қымбаттады Фото: reuters.com

ОПЕК+ елдерінің 2021 жылдың қаңтарынан бастап өндірісті көбейту туралы шешімінен кейін шикізат құны қымбаттады. 

Brent сұрыпты мұнайдың ақпандағы фьючерстерінің бағасы 1,72%-ға көтеріліп, 1,45% доллар болды. WTI баррелінің құны 1,47%-ға қымбаттап, 46,31 доллар саудаланып жатыр.

Ресми дерек бойынша, картель келесі жылдан бастап бір күнде өндірілетін шикізат көлемін 500 мың баррельге арттырады. Енді мұнай өндіруші елдер ай сайын кездесу өткізіп, өндіріске қатысты ортақ шешім қабылдап отырады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу