ОПЕК+ кездесуі 4 қаңтарда өтеді

615

Тараптар ай сайын нарықтағы жағдайды сараптап, саммит өткізіп отыруға уағдаласты.

ОПЕК+ кездесуі 4 қаңтарда өтеді Фото: ria.ru

ОПЕК+ елдерінің кезекті отырысы 4 қаңтарда ұйымдастырылады. Бұл туралы картельде төрағалық ететін Алжирдің энергетика министрі хабарлады.

Ұйымға мүше елдер кездесу барысында мұнай нарығындағы ахуалды талқыламақ. Олар өндірісті қысқарту не көбейту туралы шешім қабылдайды. 

Желтоқсан айының басында ОПЕК+ 2021 жылдың қаңтарынан бастап бір күнде өндірілетін мұнай көлемін 500 мың баррельге көбейту туралы келісімге келген еді. Сонымен қатар тараптар ай сайын нарықтағы жағдайды сараптап, саммит өткізіп отыруға уағдаласты. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу