ОПЕК+ наурызда өндірісті қысқарту жоспарын 113%-ға орындады

742

Иран санкцияларға қарамастан бір тәуліктегі мұнай көлемін 2,3 млн баррельге дейін арттырды.

ОПЕК+ наурызда өндірісті қысқарту жоспарын 113%-ға орындады Фото: reuters.com

ОПЕК+ елдері 2021 жылғы наурыз айында бір тәулікте 39,79 млн баррель мұнай өндірді, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Халықаралық энергетикалық агенттіктің мәліметіне сілтеме жасап.

Бұл көрсеткіш ақпандағыдан 0,27 млн баррельге көп.

Наурызда өндірісті қысқарту жоспары 113% -ға орындалды. Ақпан айында 112%-ға іске асқан еді. 

ОПЕК елдері бір күнде өндірілетін мұнай көлемін 21,02 млн баррельге дейін, ОПЕК-ке кірмейтін елдер 14,7 млн баррельге дейін қысқартты.

ОПЕК-тегі төртінші ірі мұнай өндіруші саналатын Иран санкцияларға қарамастан өткен айда бір тәуліктегі мұнай көлемін 2,3 млн баррельге дейін арттырды. Бұл – соңғы екі жылдағы рекордтық көрсеткіш.

АҚШ 2018 жылдың күзінде Иранға қарсы мұнай санкцияларын енгізіп, 2019 жылдың көктемінде шектеуді күшейткен еді. Санкцияларға дейін Иран тәулігіне 4 миллион баррель өндірген болатын.

Табиғат  Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу