ОПЕК+ осы аптада мұнай ұсынымын ұлғайту туралы шешім қабылдайды деген болжам мен Қытайдағы сұраныстың өсу көрсеткіші баяулайды деген күдіктен соң мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Investing.com басылымына сілтеме жасап.
Brent сұрыпты мұнай фьючерстері 0,86%-ға арзандап, 63,14 доллар болды. WTI сұрыпты мұнай бағасы 0,86%-ға төмендеп, бір баррелі 60,12 долларға саудаланып жатыр.
Rakuten Securities сарапшысы Сатору Йосиданың айтуынша, ОПЕК + сәуірден бастап мұнай өндіруді арттырады деген болжам нарыққа кері әсерін тигізіп отырған көрінеді. "Нарыққа сонымен қатар Қытай өндірісіне қатысты соңғы мәліметтер де кері ықпалын тигізуде",– дейді Nissan Securities компаниясының бас менеджері Хироюки Кикукава.
Табиғат Нұрболат