ОПЕК+ талқылаулары кезінде мұнай арзандап жатыр

383

Бұған дейін картель азайған сұраныстың салдарына байланысты мәмілеге келе алмаған еді.

ОПЕК+ талқылаулары кезінде мұнай арзандап жатыр

Сауда қорытындысы бойынша шикізат бағасы төмендеді. Соңғы күндері ОПЕК+елдері өндірісті қысқартуға қатысты талқылаулар өткізіп жатыр. 
Соңғы мәлімет бойынша, Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 0,25%-ға төмендеп, 48,13 доллар болды. WTI баррелінің құны 0,40%-ға арзандап, қазір 45,10 долларға саудаланып жатыр. 

Картель 2021 жылғы мұнай өндірісіне қатысты шешім қабылдауға тиіс. Бұған дейін тараптар азайған сұраныстың салдарына байланысты мәмілеге келе алмаған еді. 
Коронавирусқа қарсы вакцина шығарылғаннан кейін, нарық сәл оңалып, бағалар өсе бастады. Салдарынан бірқатар мұнай өндіруші ел өндірісті қысқарту туралы келісімді ұзартпау керек дегенді алға тартуда.

Табиғат Нұрболат

Фото: lenta.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу