Орал-Атырау тас жолында жол апатынан 23 жастағы әйел көз жұмды

696

Зардап шеккендердің арасында екі кішкентай бала бар. 

Орал-Атырау тас жолында жол апатынан 23 жастағы әйел көз жұмды Фото: inbusiness.kz

Орал-Атырау тас жолында жол апаты болды, деп жазады inbusiness.kz mgorod.kz порталына сілтеме жасап.

"22 жастағы Toyota жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, 36 жастағы ер адам басқарған Volvo көлігіне соғылады. Жол апаты салдарынан Toyota көлігінің 23 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Апат кезінде 2021 және 2023 жылдары туған екі бала зардап шекті", - делінген БҚО ПД таратқан хабарламада.

Балалар санитарлық авиациямен облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. Мамандар олардың жағдайы орташа ауыр деп бағалап отыр.

"1997 жылы туған және 2001 жылы туған екі зардап шегуші Тайпақ ауылындағы ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы тұрақты. Амбулаториялық ем жіберілді", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

ҚР ҚК-нің 345-бабы "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу