Орал кафесіндегі жарылыс: күдікті қамауға алынды

943

Жалға алушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Орал кафесіндегі жарылыс: күдікті қамауға алынды Фото: astanatv.kz

БҚО-да кафедегі жарылыс оқиғасы бойынша күдікті қамауға алынды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақпаратқа сәйкес, “Rizyq” кафесіндегі өрт және адамдардың қаза болуына байланысты облыстық төтенше жағдай департаменті ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлігіне (екі және одан көп адамның өліміне соқтырған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Прокуратураның дерегінше, 6 қаңтар күні аталған қылмыстық құқықбұзушылықты жасаған күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

“БҚО ТЖ және полиция департаменттері қызметкерлерінен құралған ведомствоаралық жедел тергеу тобы тергеу жоспарына сәйкес қажетті сараптамаларды тағайындады. Іс бойынша процессуалдық прокурорлар белгіленді. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды”, - делінген хабарламада.

Айта кету керек, Оралда кафеде жарылыс болып, 2 адам қаза тапқан болатын. Кейін жарылыс орнынан үшінші адамның денесі табылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу