Орал тұрғыны жол ережесін 23 рет бұзып, айыппұл арқалады

490

Айыппұлдардың жалпы сомасы 569 мың теңгені құрап отыр.  

Орал тұрғыны жол ережесін 23 рет бұзып, айыппұл арқалады Фото: Мой город

Үш күн ішінде Орал қаласының тұрғыны жол ережесін 23 рет бұзған, деп жазады inbusiness.kz mgorod.kz порталына сілтеме жасап.

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, 26 қыркүйекте тәртіп сақшылары 43 жастағы қала тұрғыны тізгіндеген шетелдік көлікті ұстаған. Үш күн ішінде жүргізушінің жол ережесін 23 рет бұзғаны анықталды.

Енді ол 569 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Жүргізуші айыппұл сомасының жартысын төлеу арқылы қарызды жеңілдетілген тәртіппен өтей алады.

Көлік арнайы автотұраққа қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу