Оралда 2 қабатты үй отқа оранып, тұрғындар әрең құтқарылды

101

ТЖМ бөлімшелері жеткенге дейін тұрғындар өз бетімен үйден шыққан.  

Оралда 2 қабатты үй отқа оранып, тұрғындар әрең құтқарылды Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Орал қаласындағы Самар көшесінде ағаштан салынған екі қабатты тұрғын үйде өрт шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ТЖМ күштері келген кезде шатыр мен екінші қабаттың бір бөлігі отқа оранғаны анықталды.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында жалынның екінші қабаттың қалған бөлігіне және бірінші қабатқа таралуына жол берілмеді.

Өрт толығымен сөндірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу