Жүргізуші жедел-профилактикалық іс-шара барысында жол ережелерін бұзып, жауапкершіліктен жалтармақ болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Полицейлер қала көшелерінің бірінде шетелдік нөмері автокөлікті тоқтатып, жүргізушісі 21 жастағы облыс тұрғыны екенін анықтады.
Тексеру кезінде көлік иесінің 25 рет жол қозғалысы ережесін бұзғаны және бұл құқық бұзушылықтар автоматтандырылған бейнебақылау жүйелері арқылы тіркелгені белгілі болды.
Қосымша тексеру барысында көлікке жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері орнатылғаны анықталды.
Сонымен қатар оған 25 құқық бұзушылықтың әрқайсысы бойынша әкімшілік қаулы шығарылды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды.
Іс материалдары мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды.