Оралда 26 адам бургерден уланып, ауруханаға түсті

832

Оралда 26 адам бургерден уланып, ауруханаға түсті

Орал қаласында тез тамақтану орнынан ас ішіп уланғандардың саны 26-ға жетті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Орал қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы Мәдениет Танауовтың айтуынша, екі күн ішінде облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына осыншама адам түссе, соның біреуі – төрт жасар, енді біреуі – сегіз жасар бала, кәмелетке толмаған тағы төрт жасөспірім бар. Бәрінің де жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Олардың барлығы "М6" сауда үйінде орналасқан "Бургер стрит+" дәмханасында бургерлер жеген. Қазіргі кезде жұмысы тоқтатылған дәмхананы тексеру барысында онда сатып алудан бастап өнімді өткізуге дейінгі санитарлық талаптардың сақталмағаны анықталды. Алған тауарларының сертификаттары, мал дәрігерлік құжаттары жоқ. Тамақтар дәмханаға таксимен жеткізіледі. Жұмыс жасайтындар да кілең жастар, санитарлық кітапшалары жоқ. Аспаздық біліктіліктері мүлдем сай келмейді. Бір сөзбен айтқанда, технологиялық процесс толықтай бұзылған. "Барлық мән-жай сынамалар қорытындысынан кейін белгілі болады. Қазірдің өзінде "Қабекешев Н." жеке кәсіпкерлігіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде", деді М.Танауов.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу