Оралда 70 жастағы кейуана 8-қабатқа жаяу көтеріліп, қайтыс болды деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Уральская неделя басылымына сілтеме жасап.
Оралдағы Сырым Датов көшесінде тоғыз қабатты жатақханада тұратын Мәншүк Құдабаева лифтінің ақауы салдарынан сегізінші қабатқа көтерілуге мәжбүр болған. Жетпіс жастағы кейуана кішкентай немересін күнде балабақшаға апарып, лифт жұмыс істейді деген үмітпен сегізінші қабаттан көтеріліп-төмен түсіп жүрген.
Оның көршісі Серік Қодаров басылым журналистеріне қарт әйелдің қайтыс болғанын айтты.
"Мәншүк енді арамызда жоқ, қайтыс болды. Ол әдеттегідей сегізінші қабатқа жаяу көтерілді. Пәтерге кіруге де үлгермей, есінен танып құлап қалды. Сосын комаға түсті. Жедел жәрдем келді, бірақ ол есін жимай қайтыс болды. Олардың айтуынша, сегізінші қабатқа көтерілгеннен кейін қан қысымы күрт көтеріліп кеткен", - деді Серік Қодаров.