Оралда 979 млн теңгенің мүлкі заңдастырылды

940

Оралда 979 млн теңгенің мүлкі заңдастырылды

Орал қаласында 979 млн теңгенің мүлкі жария етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат" ХАА

Орал қаласы әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, мүлікті жария ету науқаны басталған 2014 жылғы 1 қыркүйектен бері комиссияға 5 мың адам өтініш берген. Олар барлығы 1 млрд 415 млн теңгенің мүлкін жария ету жөнінде өтініш жасаған.

Айта кетейік, мүлікті жария ету бойынша түскен өтініштерді комиссия бір ай мерзімде қарап, шешім шығарады. Аталмыш науқан биылғы 31 желтоқсанда мәреге жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу