Полицияның мәліметінше, күдікті дүкендерге бірнеше рет барып, тауарларды білдіртпей алып шығып отырған. Алғашында ол Head & Shoulders және Elseve маркалы 11 флакон шампунь мен 14 қорап Merci шоколадын жымқырған.
Кейін базар маңындағы тағы бір супермаркеттен 8 қорап Merci шоколадын, ал келесі сауда орнынан 10 құты Old Spice дезодорантын ұрлаған.
Осылайша, күдікті бірнеше дүкеннен жалпы 22 қорап шоколад, 11 флакон шампунь және 10 құты дезодорант қолды еткен.
Қазіргі уақытта аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.