Оралда науқасты жеткізуге асыққан жедел жәрдем көлігі аударылды

892

Оралда науқасты жеткізуге асыққан жедел жәрдем көлігі аударылды

Оралда дәрігерлер мен науқастар бар жедел жәрдем көлігі аударылды. Жол апаты 13 қазанда кешкі сағат 20.30-да Құрманғазы мен Дәулеткерей көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Лада Приора" жүргізушісінің айтуынша, ол Дәулеткерей көшесінің бойымен бара жатып, Құрманғазы көшесінің қиылысында жедел жәрдем көлігіне соғысқан. Жедел жәрдем машинасы Құрманғазы көшесінің бойымен облыстық ІІД ғимараты жағына қарай бара жатқан.

"Жедел жәрдем көлігі қатты жылдамдықпен сиренасыз бара жатты, - дейді "Приора" жүргізушісі. - Екеуміз соғысып, жедел жәрдем аударылып кетті. Жедел жәрдем көлігінде жүргізушіден бөлек, фельдшер, дәрігер және екі науқас болды. Оларды жедел жәрдем алып кетті".

"Приора" жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекпеген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу