Оралда пойыз бен жигули жеңіл автокөлігі соғылып, бір адам мерт болды, деп хабалайды 24.kz.
Оқыс оқиға түнгі үштер шамасында Датова мен Ларин көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, пойыз локомотиві бірнеше жүк вагонын тіркеп келе жатқан. Жедел-жәрдем жеткенге дейін 26 жастағы жүргізуші қайтыс болған. Ал сол көлікте болған адам ашық ми жарақатын алып, қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір 25 жастағы азаматтың жағдайы ауыр, тиісті ем-дом шаралары жаслауда. Бұл фактіні БҚО ІІД баспасөз қызметі де растады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу