Оралда полицейден қашқан тұрғын жол апатына түсіп, жүргізушіні мерт қылды

146

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Оралда полицейден қашқан тұрғын жол апатына түсіп, жүргізушіні мерт қылды Фото: Бейнежазбадан

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 1 қыркүйек күні болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Күдікті жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, жолдағы басқа қатысушыларға қауіп төндіріп, полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы заңды талабына бағынбаған.

Назарбаев көшесінің бойында бағдаршамның тыйым салатын белгісін елемей, Назарбаев пен Карев көшелерінің қиылысында Lada Granta және Lada Largus автокөліктерімен соқтығысқан.

Осы жол-көлік оқиғасы салдарынан Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі ауыр жарақат алып, ауруханада қайтыс болды.

"Күдікті де дене жарақаттарын алып, медициналық мекемеге жеткізілді, қазір оны полиция күзетіп отыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомстводан.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, марқұмның соңында әйелі, екі баласы қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу