Оралда түрме салынбайтын болды

820

Оның орнына басқа нысан бой көтермек.

Оралда түрме салынбайтын болды

БҚО Зашаған кентіндегі 1500 адамдық түрме салынбайтын болды. ІІМ ол нысанды жергілікті басшылыққа коммуналдық меншікке тегін бермек. Оның қандай мекемеге айналатыны әзірге белгісіз. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ өкілдеріне облыс әкімі Ғали Есқалиев мәлімдеді.

"Біздің облыста мұндай үлкен түрмеге қажеттілік жоқ. Басқа аймақтардан сотталушыларды алып келуді де қалап отырған жоқпыз. Оның үстіне, ықшамауданда түрменің салынуы ол жердің тартымдылығын азайтады, ешкімнің ондай жерде тұрғысы келмейтіні анық. Нысан көлемі өте үлкен, 30 мың шаршы метрден асады. Қазір оны бизнес үшін қалай қолайлы етіп жасауға болатын, басқа да нұсқаларын қарастырып жатырмыз. Егер инвестор таба алмасақ, оны медициналық нысанға да айналдыруға болады", - деді аймақ басшысы.

Естеріңізге сала кетсек, аталған тергеу изоляторы 2013 жылы бастап салынған. Ол 2017 жылы аяқталуып, тапсырылуға тиіс еді. Алайда 2018 жылы игерілген 4,5 млрд теңгенің 577 млн теңгесі қолды болғаны анықталып, қылмыстық іс қозғалуына байланысты құрылыс тоқтатылған болатын. Орал қаласына жақын жерден аса үлкен түзету мекемесін салудың қажеттігі сол кезде-ақ күмән тудыра бастаған. Өйткені, дерек бойынша, қаладағы заң бұзатын адамдардың саны орта есеппен үш жүздің айналасын құрайды. Ал түрме мың жарым адамға есептелген. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу